Олимпиаданың мақсаттары:

  • сыни ойлауды дамыту;
  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту;
  • өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі растау үшін жағдай жасау, білім алушылар арасында жұмыс тәжірибесімен алмасу және шығармашылық байланыстар орнату;
  • оқушылардың танымдық және ғылыми қызметін жандандыру.

Нархоз Университеті Байқауға қатысушыларды:

-сыни және шығармашылық ойлауды дамытуға;

-қатысушылардың көшбасшылық әлеуетін анықтап, оны дамытуға;

-командада бірге жұмыс істеуге;

-өздерімен мүдделес әрі оқу саласы ортақ өзге қатысушылармен білім алмасуға ынталандыруға;

-бизнес білімді насихаттауға қажетті жағдай жасауға

тырысады.

Байқау екі кезеңнен тұрады.

1 кезең – пән бойынша тест тапсыру:

-Ағылшын тілі пәнінен барлығы 50 (елу) сұрақтан тұратын тест тапсыру. Тест тапсыруға 60 (алпыс) минут уақыт беріледі. Барлығы 50 балл жинайды және ол әр сұрақтың қиындық деңгейіне қарай анықталады. Қатысушы жалпы 5,0 -ден кем емес баллдық көрсеткіші және жарамдық мерзімі бар IELTS сертификатын көрсеткен жағдайда, Ағылшын тілі пәнінен тест автоматты түрде тапсырылды деп есептеліп, оған 50 балл беріледі.

-Математика пәнінен барлығы 30 (отыз) сұрақтан тұратын тест тапсыру. Тест тапсыруға 40 (қырық) минут уақыт беріледі. Барлығы 50 балл жинайды және ол әр сұрақтың қиындық деңгейіне қарай анықталады. Тест бойынша шектік балл: бірінші кезең нәтижесі бойынша кем дегенде 50 (елу) балл жинаған адамдар екінші кезеңге өтеді.

2 кезең – алдын ала жасалып бекітілген бизнес-кейсті шешу:

– Zoom платформасында онлайн форматта, команданың жеке сессиялық бөлмесінде отырып, 180 (жүз сексен) минут ішінде CIMA академиялық серіктесіміз жасап бекіткен бизнес-кейсті 3-5 адам адамнан тұратын командада бірге жұмыс істеп шешу.

– кейстің шешімін презентация түрінде бірлесе ұсынып, Zoom платформасында онлайн форматта 5-10 (бес-он) минут ішінде Сараптама комиссиясының алдында қорғау.

Бағалау критерийлері:

Байқаудың әр кезеңінде алуға болатын баллдың максималды саны:

1 кезең – тест тапсыру – 100 (жүз) балл.

2 кезең – кейс шешу және оны презентациялау – 55 (елу бес) балл.

Тіркелу

2021 жылдың 1 – 18 сәуір аралығы

Бірінші кезең – Тест тапсыру

19.04.2021

Екінші кезең – Кейс шешу

2021 жылдың 21 – 27 сәуір аралығы

олимпиаданың нәтижелері