Грант ҰБТ емтиханнан төмендегі кестеге сәйкес балл жинаған жағдайда беріледі

Білім беру бағдарламалары тобының атаулары Математика География Шектік балл Ағылшын бөлімі үшін ағылшын тілін білу деңгейі
В044 Менеджмент және басқару 5 5 50 IELTS 3,0

30-40 IBT

397-433 PBT

 

В045 Аудит және салық салу 17 5 60
В046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі 17 5 60
В047 Маркетинг және жарнама 5 5 60
В048 Еңбек дағдылары 5 5 60
Білім беру бағдарламалары тобының атаулары Шет тілі География Шектік балл
В091 Туризм 5 5 60 (ағылшын бөлімі)

50 (орыс және қазақ бөлімдері)

В093 Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі 5 5 60 (ағылшын бөлімі)

50 (орыс және қазақ бөлімдері)

 

Оқуды шет елдің білім беру ұйымдарында бітірген және ҰБТ тапсырмаған адамдарға мұндай талаптар қойылмайды. Оларға грант орта білімді аяқтағаны жөніндегі құжатты көрсеткен жағдайда ғана беріледі.

 

Байқау жеңімпаздары өздері ұтқан гранттарын алу үшін Университеттің Қабылдау комиссиясына білім беру грантын алғанын растайтын сертификатты және Университетке оқуға қабылдануға қажетті басқа да құжаттарды күнтізбелік жылдың 10 тамызына дейін әкеліп тапсырулары керек.

Университеттің қабылдау комиссиясына білім беру грантын алғанын растайтын сертификатты және басқа да оқуға қабылдануға қажетті құжаттарды уақытында тапсырмаған жағдайда сертификат өз күшін жояды.

Олимпиадаға қатысқаны туралы сертификатта қатысушының Байқаудың екі кезеңі бойынша алған жалпы баллы көрсетіледі.

Жеңімпаздың грант алғаны туралы сертификаты өз күшін жойған жағдайда, Сараптама комиссия бөлінген білім беру гранттарын Байқаудың екі кезең қорытындысы бойынша көбірек балл алған басқа қатысушыға қайта бөлу туралы шешім қабылдай алады.